locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мәртебелі жеңіс: «Әл-Әйн» топтық кезеңнің соңғы турында «Видадты» жеңді

«Әл-Әйн» жарысты жеңіспен аяқтады, ал «Видад» бірде-бір ұпай жинай алмады
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Мәртебелі жеңіс: «Әл-Әйн» топтық кезеңнің соңғы турында «Видадты» жеңді
ФОТО: Әл-Әйн ФК

26-нан 27 маусымға қараған түні ФИФА клубтар арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында G тобының соңғы турындағы кездесу өтті. Бұл матчта Марокконың «Видад» клубы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Әйн» командасы жолықты. Кездесу турнирлік тұрғыдан ештеңе шешпеді – бұған дейін-ақ «Ювентус» пен «Манчестер Сити» плей-офф кезеңіне жолдама алып қойған еді.

Соған қарамастан, «Әл-Әйн» турнирді жеңіспен аяқтап, жанкүйерлеріне аз да болса қуаныш сыйлады. Әмірліктер клубы марокколық ұжымды 2:1 есебімен жеңіп, 3 ұпаймен топтағы үшінші орынды иеленді.

Клубтар әлем чемпионаты. 3-тур. G тобы

«Видад» (Марокко) – «Әл-Әйн» (БАӘ) – 1:2 (1:1)

Голдар: Майлула, 4 – Коджо Фоджо До, 45+1 (пенальти), Гамарра, 50

Ал «Видад» үшін бұл матч сәтсіз аяқталды — команда барлық ойында жеңіліп, бірде-бір ұпай еншілей алмады.

Осылайша, «Әл-Әйн» топтық кезеңді 3 ұпаймен 3-орында аяқтады. Ал «Видад» төртінші орынмен қоштасып, турнирден құр алақан қайтты.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie