locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ман Сити» Родридің қымбат бағаланған орнын басар ойыншыны тапты

«Қалалылар» жетекші жартылай қорғаушысынан кейінгі өмірге дайындалуда
ФОТО: Getty Images

«Манчестер Сити» «Лилльдің» 18 жастағы тірек жартылай қорғаушысы Айюб Буаддиді өз сапына қосуға жақын, деп хабарлайды Sports24.kz.

The Guardian мәліметінше, «Манчестер Сити» француздық «догтардың» талантты жартылай қорғаушысымен келісімге келуге жақын. Франция клубы 18 жастағы вундеркингін 100 миллион еуроға (85 миллион фунт стерлинг) бағалап отыр, ал келіссөздер шешуші кезеңге жетті.

Буадди 2026 жылғы әлем чемпионатында жұлдызы жанған ойыншылардың бірі болды – ол Мароккоға жартылай финалға шығуға көмектесті. Тірек жартылай қорғаушысына «Арсенал», «Ливерпуль», «Манчестер Юнайтед», «Челси», ПСЖ және «Бавария» қызығушылық танытты, алайда оны өз сапына қосуға ең жақын клуб – «Манчестер Сити»: инсайдер Николо Шираның айтуынша, Буадди «Ситимен» 2031 жылға дейінгі жеке келісімшарт шарттарын келісіп үлгерген.

Энцо Марескидің ұжымы үшін бұл жаздағы орталық алаңдағы екінші ірі трансфер: бұған дейін «Сити» британдық трансферлік рекордты жаңартып, «Ноттингем Форесттен» Эллиот Андерсонды 116 миллион фунтқа сатып алған еді. Жартылай қорғау шебінің түбегейлі жаңаруы Родридің «Барселонаға» ауысуымен тікелей байланысты.

Айта кеткен жөн, әлем чемпионатынан кейін Transfermarkt порталында Буаддидің нарықтық бағасы 50 миллион еуродан 80 миллион еуроға дейін шарықтап, оны ең қымбат марокколық футболшы, сондай-ақ Ашраф Хакимиді басып озған ойыншы етті.

Бұған дейін «Манчестер Сити» «Барселонаның» Родриге жасаған алғашқы ұсынысын қабылдамағаны хабарланған еді.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie