locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ұлттар лигасының қола жүлдесі үшін өтетін матчқа бастапқы құрамдар жарияланды: Германия – Франция

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Ұлттар лигасының қола жүлдесі үшін өтетін матчқа бастапқы құрамдар жарияланды: Германия – Франция
ФОТО: equipedefrance инстаграм парақшасынан

8 маусым күні «Штутгарт Арена» стадионында 2024/2025 маусымдағы УЕФА Ұлттар лигасының үшінші орын үшін кездесуі өтеді.

Бұл ойында Германия және Франция ұлттық құрамалары өзара күш сынасады. Кездесудің бас төрешісі - словакиялық Иван Кружляк.

Құрамалардың бастапқы құрамы:

Германия: тер Штеген, Кох, Та, Киммих, Раум, Гросс, Горецка, Вольтемаде, Вирц, Адейеми, Фюллькруг.

Франция: Меньян, Динь, Баде, Гюсто, Л. Эрнандес, Тчуамени, Рабьо, Шерки, Коло Муани, Тюрам, Мбаппе.

Жартылай финалда Германия құрамасы Португалиядан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Ал Франция құрамасы Испаниямен өткен нәтижелі кездесуде 4:5 есебімен ұтылды. Айта кетейік, Франция 2021 жылы Ұлттар лигасының жеңімпазы атанған болатын.

Бұл екі команда соңғы рет 2024 жылы жолдастық матч аясында кездесіп, ол кезде Германия 2:0 есебімен басым түскен еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie