Әлемнің үшінші ең бай адамы «Ливерпульдің» иесі атанбақ
Долларлық миллиардер әрі Amazon маркетплейсінің негізін қалаушы Джефф Безос «Ливерпуль» акцияларын сатып алуға қызығушылық танытқан ауқатты инвесторлар тобына қосылады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Daily Mail дерегінше, Forbes 2025 жылы дәулетін 215 миллиард доллар деп бағалаған әлемнің үшінші ең бай адамы осы консорциумның ең атақты мүшесі болмақ. Бұл топ клубтың 30% акциясын иеленуді көздейді.
Келісімшарт «Ливерпульдің» америкалық қожайындары — Fenway Sports Group-пен жасалады деп күтілуде және мәміле құны 1,5 миллиард долларға жуық бағаланып отыр. Қазіргі таңда келісім мәресіне жақындап қалды, ал ресми түрде ол 24 тамызға дейін бекітіледі деп жоспарлануда.
Безостан бөлек, консорциум құрамына болат магнаты Лакшми Митталдың күйеу баласы Амит Бхатия, бұл туралы бұған дейін хабарланған, сондай-ақ Марк Цукербергтің курстасы әрі Facebook-тің тең құрылтайшысы Эдуардо Саверин кіреді. Оның байлығы 28 миллиард доллардан асады. Консорциумды басқару тізгіні Бхатияға тиесілі болуы мүмкін деп болжануда.