Лига чемпиондарының 1-турынан кейінгі турнир кестесі қандай?
Еуропаның ең беделді клубтық турнирінің негізгі кезеңіндегі бірінші тур аяқталды
ФОТО: Getty Images
УЕФА Чемпиондар лигасының 2026-2027 жылғы маусымындағы негізгі кезеңнің бірінші туры аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
Бірінші тур қорытындысы бойынша турнир кестесін қарсыластарын сәйкесінше 6:1 және 5:1 есебімен ойсырата жеңген ПСЖ мен «Барселона» бастап тұр. Үздік үштікті Стас Покатиловтың «Сабахына» еш мүмкіндік қалдырмаған «Манчестер Юнайтед» (4:0) түйіндейді.
«Сабахтың» өзі турнир кестесінде 35-орынға жайғасты. Ал кестенің соңғы сатысында чехиялық «Слован» тұр.
Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің екінші турындағы матчтар 13 және 14 қазанда өтеді. Еуропаның ең беделді клубтық турнирінің қазіргі чемпионы – бұл атақты екі жыл қатарынан жеңіп алған ПСЖ.
