Лаутаро мен Анарбеков. «Интер» мен «Қайрат» бастаушы құрамдарын жариялады
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі италиялық «Интер» мен алматылық «Қайрат» арасындағы матчқа бастаушы құрамдар белгілі болды. Ойын Миландағы Джузеппе Меацца атындағы стадионда 6 қарашаға қараған түні өтеді.
«Интер»: Зоммер, Барелла, Биссек, Дамфрис, Де Врей, Димарко, Зелиньски, Аугусто, Мартинес, Фраттези, Эспозито.
«Қайрат»: Анарбеков, Эдмилсон, Арад, Сатпаев, Жоржиньо, Касабулат, Мата, Мрынский, Сорокин, Широбоков, Громыко.
«Интер» – «Қайрат» матчы Астана уақытымен 01:00-де басталады.
Үш турдан кейін алматылықтар кипрлік «Пафоспен» 0:0 есебімен тең ойнап, бір ұпай еншіледі. Бұған дейін «Қайрат» екі матчта да жеңіліс тапты: Португалияда лиссабондық «Спортингтен» (1:4), ал Мадридте «Реалдан» (0:5).
«Интер» үш ойыннан кейін 9 ұпай және 9:0 доп айырмасымен көш бастап тұрған командалар қатарында.