locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мадрид билігі Ла Лига клубының стадионында матчтар өткізуге тыйым салды: не болды?

«Райо Вальекано» стадионының санитарлық жағдайы билікті шошытты
Мадрид билігі Ла Лига клубының стадионында матчтар өткізуге тыйым салды: не болды?
ФОТО: Getty Images

Мадрид билігі «Райо Вальекано» стадионында матчтар өткізуге тыйым салды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Marca басылымының мәліметінше, Испания астанасының қауымдастығы, яғни стадионның иесі, аренаның әкімшілік концессиясын қайтарып алды, осылайша онда ойындар өткізуге ресми тыйым салды. Бұған жүргізілген аудит нәтижелері себеп болды.

Аудит стадионның санитарлық және жалпы жағдайының өте нашар екенін көрсетті – нысанда көптеген кемшіліктер анықталған. Бұл кемшіліктерді түзетпей, матчтарды сапалы өткізу мүмкін емес.

Мысалы, трибуна астындағы кей бөліктерде қоқыс үйіліп қалған, бұл – 1980-жылдардағы британ стадиондарындағы қайғылы оқиғаларды еске алсақ, өрт қауіпсіздігі ережелерінің өрескел бұзылуы саналады.

Осы жағдайға байланысты билік клубты айыптап, барлық кемшіліктерді жою жөнінде нұсқама берді. Алайда, осы жұмыстарды орындауға небәрі бір айдан аз уақыт бар – өйткені «Райо Вальекано» алғашқы үй матчін 20 тамызда «Депортиво Алавеске» қарсы өткізуі керек. Бұл мерзімде бәрін түзету мүмкін емес.

Алдын ала бағалау бойынша, барлық кемшіліктерді түзетуге екі айдан алты айға дейін уақыт кетуі мүмкін. Дегенмен, Мадрид билігі нақты уақытын айтуға асығар емес.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie