Көшбасшылар қателеспей өтті. Төртінші турдан кейінгі ҚПЛ турнир кестесі
Жексенбі, 6 сәуірде Қазақстан Премьер-лигасының төртінші турының үш ойыны өтті.
Күннің алғашқы ойыны чемпионаттың 16-турының уақыты өзгерген «Атырау» - «Қайрат» (1:4) ойыны болды. «Мұнайшылар» қатарынан екінші рет қарсыластарынан төрт доп жіберіп жеңіллді. Чемпионаттың басындағы қарсыласының нашар формасын пайдаланған алматылықтар қарсыласынан сырт алаңда басым түсті. 16 сәуірде өтетін келесі ойында командалар Алматыдағы «ОрталықW стадионда кездеседі.
«Ақтөбе» мен «Қайсар» арасындағы ойын 4:1 есебімен аяқталды. «Қызыл-ақтар» ойынды толық бақылауында ұстады және қақпаларын «құрғақ» ұстап қалуға сәл қалды. Бірақ қосымша уақытта Айбар Жақсылықов жұбаныш голын соқты.
«Елімай» мен «Ұлытау» (3:0) Астанада төртінші турдың бағдарламасын жапты. Жекпе-жектің нәтижесі семейліктердің күтілген жеңісі болды. «Елімай» матч барысын бақылап, қорытындысында чемпионаттың жаңа мүшесін ойсыратты.
5 сәуірде өткен матчтардың нәтижелерін мына жерден оқуға болады.
Турдың қорытындысы бойынша «Қайрат», «Астана» және «Ақтөбе» 10 ұпаймен бірінші орын үшін күресті жалғастыруда. Бірақ соғылған голдар санының арқасында алматылықтар кестенің басында тұр. Соңғы орындарда екі ұпаймен «Қызылжар», «Ордабасы», «Ұлытау» және «Қайсар» табан тіреді.
Төртінші турдан кейінгі турнир кестесі:
