locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ақтөбе» өз алаңында «Қайсарды» ойсырата жеңді

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Ақтөбе» өз алаңында «Қайсарды» ойсырата жеңді
ФОТО: Ақтөбе ФК

Қазақстан Премьер-лигасының 4-туры аясында «Ақтөбе» өз жанкүйерлерінің көз алдында тамаша ойын өрнегін көрсетіп, қызылордалық «Қайсарды» 4:1 есебімен тас-талқан етті.

Игорь Леонов шәкірттері алғашқы минуттардан-ақ бастаманы өз қолына алды. 14-минутта Қайыров есеп ашса, 43-минутта Бердібек есепті еселеді. Екінші таймда Умаев (55’) пен Өміртаев (75’) мергендігімен көзге түсіп, «Ақтөбенің» артықшылығын ұлғайтты. Қонақтар тек ойынның соңында ғана қарымта қайтарып, 90-минутта Жақсылықовтың голымен жауап қайырды.

Қазақстан Премьер-лигасы. 4-тур
Ақтөбе — Қайсар — 4:1
Голдар: Қайыров, 14 (1:0). Бердібек, 43 (2:0). Умаев, 55 (3:0). Өміртаев, 75 (4:0). Жақсылықов, 90 (4:1)

Бұл жеңістен кейін «Ақтөбе» 10 ұпаймен турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді. Қазіргі таңда көш басында — ұпай саны бірдей болғанымен, доп айырмашылығы жағынан алда тұрған «Қайрат». Үздік үштікті «Астана» түйіндейді. Ал «Қайсар» 4 турдан кейін тек 2 ұпай жинап, 13-орында қалып отыр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie