ҚПЛ-2025: Төртінші турдың жартысынан кейінгі турнирлік кесте
5 сәуір күні Қазақстан Премьер-лигасының төртінші туры аясында бірқатар тартысты кездесулер өтті. Бірнеше матчтың нәтижелері жанкүйерлер үшін қызықты сәттермен есте қалды.
«Жетісу» мен «Жеңіс» арасындағы ойын 0:0 есебімен тең аяқталды. Бұл — елордалық команданың қатарынан төртінші тең нәтижесі болса, талдықорғандықтар үшін бұл үшінші тең ойын. Бұған дейін олар бір рет жеңіліп үлгерген.
«Тобыл» матчтың соңғы сәттерінде жеңісті жұлып алды. Қостанайлықтар «Оқжетпесті» 1:0 есебімен жеңіп, жалғыз голды Александр Зуев 90+3 минутта соқты. Осы жеңістің арқасында «Тобыл» 8 ұпаймен турнирлік кестеде бірінші орынға көтерілді.
«Астана» өз алаңында «Ордабасыны» 2:1 есебімен тізе бүктірді. Бұл ойында Усман Камара дубль жасап, елордалықтарға чемпионаттағы көшбасшылықты сақтап қалуға көмектесті.
«Қызылжар» өз алаңында «Тұраннан» 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Бірінші таймда алда келе жатқан петропавлдықтар екінші таймда қарсыластың екпініне төтеп бере алмады. Түркістандық клуб нағыз камбэк жасап, жеңісті жұлып әкетті.
Ертең, 6 сәуір күні «Ақтөбе» мен «Қайсар», «Елімай» мен «Ұлытау» арасындағы ойындар өтеді. Ал «Қайрат» пен «Атырау» арасындағы кездесу 16 сәуірге белгіленген.
Осы ойындардан кейінгі турнирлік кесте келесідей
