«Елімай» «Ұлытауды» ойсырата жеңді. Жезқазғандық клуб ҚПЛ кестесінде соңғы орында
Футбол
Азат Максутбек
ФОТО: Instagram
6 сәуір күні Қазақстан Премьер-лигасының 4-туры аясында «Елімай» өз алаңында «Ұлытауды» қабылдады. Кездесу 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
Есепті 44-минутта Плакка Фессу ашты. 74-минутта Флорентин Мулич Майкомның пасынан кейін командасын еселей түсті. Ал қосымша уақытта, 90+3-минутта Әділбек Жұмаханов матчтағы соңғы нүктені қойды – 3:0.
ҚПЛ. 4-тур
«Елімай» – «Ұлытау» – 3:0 (1:0)
Голдар: Фессу, 44 - Мулич, 74 - Жұмаханов, 90+3.
Осы жеңісінің арқасында «Елімай» 7 ұпай жинап, ҚПЛ турнирлік кестесінде 5-орынға көтерілді. «Ұлытау» өз кезегінде төрт турдан кейін небәрі 2 ұпаймен және 1:6 доп айырмасымен соңғы орында қалды.