locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қызылжардың» лидері «Тұранға» қарсы ойынға қатыспайды

Черногориялық легионер жарақатына байланысты Тұранға қарсы ойыннан тыс қалды
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Қызылжардың» лидері «Тұранға» қарсы ойынға қатыспайды
ФОТО: Қызылжар ФК

Sports24.kz белгілі болғандай «Қызылжар» клубының жартылай қорғаушысы Дарко Зорич алдағы Тұранға қарсы ойында алаңға шықпайды.

Черногориялық футболшы «Астанаға» қарсы өткен матчта жарақат алып, 57-минутта алаңнан кеткен еді.

Зорич маусым басында петропавлдық клубтың қатарына қосылып, 11 кездесуге қатысып, 3 голмен көзге түсті. Ол «Қызылжарға» дейін Черногорияның «Морнар Бар» клубында өнер көрсеткен.

«Қызылжар» өз кезегінде Премьер-лиганың 16-шы турында сырт алаңда «Тұранмен» кездеседі. Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан өкілдері турнир кестесінде 16 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.

Сондай-ақ теріскейлік клуб маусым басталғалы сапында болған екі шетелдік ойыншымен қош айтыспақ.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie