locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Аздап қобалжу байқалды». Чурчич «Қызылжардың» «Тұраннан» қалай жеңісті жұлып алғанын түсіндірді

Чурчич «Тұранға» қарсы жеңіс туралы
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Аздап қобалжу байқалды». Чурчич «Қызылжардың» «Тұраннан» қалай жеңісті жұлып алғанын түсіндірді
ФОТО: Қызылжар ФК

ҚПЛ 16-туры аясында өткен сырт алаңдағы матчта петропавлдық «Қызылжар» командасы Түркістанда жергілікті «Тұраннан» 2:1 есебімен басым түсіп, маңызды үш ұпай еншіледі. Ойыннан кейін бас бапкер Милич Чурчич жеңіске қатысты пікір білдіріп, ұжымдағы қазіргі қиындықтар туралы ашық айтты.

«Матчтың оңай болмайтынын алдын ала білген едім. Құрамда жарақат алғандар көп, кейбір ойыншыларда сары қағаздық мәселелер бар. Психологиялық тұрғыда да жағдай жеңіл емес. Алда ойнайтын шабуылшылар жетіспейді - тек Тоқтар Жаңғылышбай ғана бар. Бұл, әрине, әсер етеді. Бірінші таймда шабуылға жиі шықтық, бірақ соңғы шешуші пастар жетіспеді. Жасалған мүмкіндіктер жеткілікті болды, пенальти де алдық, бірақ соны пайдалана алмадық», - деді сербиялық маман.

Милич Чурчич ойын сапасына ғана емес, команданың тәжірибесіне де назар аударды:

«Финалдық үшінші аймақта шешуші пас бере алатын тәжірибелі ойыншылар өте аз. Қарсы шабуылдан гол жіберіп алдық - ондай жағдай футболда болады. Бір қателік және жағдай күрт өзгереді. Сол сәтте аздап қобалжу байқалды. Соған қарамастан, мен ойыншыларға дән ризамын. Олар соңына дейін күресті, жанкештілік танытты».

Осы жеңістен кейін «Қызылжар» 19 ұпаймен турнирлік кестеде 8-орынға көтерілді. Ал «Тұран» 10 ұпаймен 11-орында қалып отыр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie