locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мінез бен суыққандылық. Соңғы минуттағы пенальти «Қызылжарға» Түркістанда камбэк сыйлады

«Қызылжар» Түркістанда жеңісті жұлып алды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Мінез бен суыққандылық. Кешегі пенальти «Қызылжарға» Түркістанда камбэк сыйлады
ФОТО: pfl

Петропавлдық «Қызылжар» Қазақстан Премьер-лигасының 16-турында сырт алаңда табандылық танытып, «Тұранға» қарсы матчта 1:2 есебімен маңызды жеңіске жетті.

Ойынның алғашқы бөлігінде алаң иелері белсендірек көрінді. 11-минутта Асылжан Аббас тамаша комбинацияны түйіндеп, есеп ашты. Алайда үзілістен кейін қонақтар қарқынын күшейтіп, ойын тізгінін қолға ала бастады.

70-минутта Анатолий Козленко айып алаңына жеткен пасқа дер кезінде жетіп, таразы басын теңестірді. Ал негізгі уақыттың аяқталуына үш минут қалғанда төреші «Тұран» қақпасына пенальти белгіледі. Тоқтар Жаңғылышбай суыққандылық танытып, 11 метрлік соққыны дәл орындады - 1:2.

ҚПЛ-2025. 16-тур

«Тұран» — «Қызылжар» — 1:2 (1:0)

Голдар: Аббас, 11 (1:0); Козленко, 70 (1:1); (Жаңғылышбай, 87 (пен, 1:2)

Бұл жеңіс «Қызылжарды» турнирлік кестеде сегізінші орынға шығарды. Ал «Тұран» 13-сатыда қалып, төменгі орындардан шығуға талпынысын жалғастыруда.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie