locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Матчтан кейінгі жанжал: «Тұран» – «Қызылжар» кездесуінің төрешілері жыл соңына дейін шеттетілді

«Тұран» – «Қызылжар» матчындағы төрешілерге қатаң жаза қолданылды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Матчтан кейінгі жанжал: «Тұран» – «Қызылжар» кездесуінің төрешілері жыл соңына дейін шеттетілді
ФОТО: Тұран ФК

Түркістанда өткен Премьер-лиганың 16-турындағы «Тұран» мен «Қызылжар» арасындағы тартысты кездесу (1:2) тек алаңда ғана емес, одан тыс та жалғасуда. Бұл ойындағы төрешілердің даулы шешімдері Қазақстан футбол федерациясының Сарапшылық-судьялар комитетінің шұғыл отырысына себеп болды.

Аталған матчта бас төреші қызметін атқарған Тимур Қумашев пен бейнеқайталау жүйесінің көмекшісі Георгий Чеховский 2025 жылғы маусымның соңына дейін ҚФф аясындағы барлық жарыстардан шеттетілді. Олар Премьер-лига, Бірінші және Екінші лига матчтарына қатыса алмайды. Ал маусым аяқталған соң, бұл екі маманның төрешілік мансабы қайта қаралмақ.

Шешімге негіз болған басты эпизод - 84-минутта «Қызылжар» пайдасына белгіленген пенальти. ҚФФ ресми сараптамасына сәйкес, «Тұран» қорғаушысы шабуылшыны тоқтатуға әрекеттенгенімен, Тоқтар Жаңғылышбайдың құлауы мен қимылдары шынайылықтан алшақ деп танылып, симуляция ретінде бағаланған. Яғни, бұл жағдайда пенальти белгілеу - әділетсіз шешім саналды.

Айта кетейік, аталған эпизод тек төрешілердің кәсіби бағалаудағы кемшілігін емес, сонымен қатар олардың өзара үйлесімсіз жұмысын да ашып берді. Бұл жағдай ҚФФ төрешілік жүйесінің беделіне елеулі әсер етті.

Бұған дейін де Қумашев Интегрити офицерінің ұсынысымен уақытша шеттетілген болатын. Енді бұл шешім тұрақты сипат алып отыр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie