Испаниялық төрешілер бригадасы Қазақстанның топ көшбасшысына қарсы сырт алаңдағы кездесуін қадағалайды
2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы матчты Испаниядан келген төрешілер бригадасы қадағалайды. Бригаданы бас төреші ретінде Хуан Мартинес басқарады.
Бас төрешіге оның отандастары Диего Барберо мен Иван Массо көмектеседі. Төртінші төреші қызметін Алехандро Муньис Руис атқарады, ал VAR жүйесіне Гильермо Куадра жауапты болады. Оның ассистенті де Испания өкілі — Хавьер Иглесиас Вильянуэва.
Солтүстік Македония – Қазақстан кездесуі 13 қазан күні өтеді және Астана уақытымен 23:45-те басталады. Алты турдан кейін македониялықтар J тобында 12 ұпаймен көш бастап тұр, олар Бельгиядан бір ұпайға алда келеді. Қазақстан құрамасы 6 ұпаймен бесінші орынға жайғасқан.
Бұл командалардың Астанадағы алғашқы матчында македониялықтар минималды жеңіске жеткен болатын.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасы Скопьеге келіп қонды: алда топ көшбасшысымен нағыз айқас.