locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бізде мұндай ойындар көп болады»: Моуринью «Реалдың» жұлдыздарын ескертті

Футболшылар үшін нағыз жұмыс маусым басталғанда басталады
«Бізде мұндай ойындар көп болады»: Моуринью «Реалдың» жұлдыздарын ескертті
ФОТО: Getty Images

Мадридтік «Реалдың» маусым алдындағы дайындығы мәресіне жақындап қалды: команда 22 тамызда алғашқы ресми ойынын өткізеді. «Сливочныйлардың» бас бапкері Жозе Моуринью өз шәкірттеріне маусым басталар алдында қиындықтарға тап болдым деп ойласа, абай болуды ескертті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Португалиялық маман өз футболшыларына нағыз жұмыстың 22 тамызда басталатынын, сол кезде «Реал» Барселонаға жергілікті «Эспаньолға» қарсы матчқа аттанатынын айтты:

«Бұл Ла Лигаға қайта оралған командаға қарсы ауыр матч болды. Бұл трофейдің тарихы терең, сол себепті олар ойынға барын салды да, бізді де шынайы футбол көрсетуге мәжбүр етті. Ла Лигада бізде мұндай ойындар көп болады, ал біз бүгін бар күшімізді салмай-ақ жеңдік. Вальдебебаста жүрген бес ойыншыны білесіздер. Келесі аптада нағыз жұмыс басталады», — деді Моуринью «Депортиво» Ла-Коруньяны (1:0) жеңген соң.

Айта кетейік, жазда «Реал» төрт жолдастық матч өткізді. Жоғарыда аталған «Депортивоны» жеңуден бөлек, «сливочные» «Ференцварош» пен «Леганесті» тізе бүктіріп, «Фиорентинамен» тең ойнады.

ФОТО: Getty Images
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie