locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» – «Автомобилист»: ҚХЛ матчының бейнешолуы

Михаил Кравецтің командасы өз айдынында сенімді жеңіске жетті
ФОТО: «Барыс»

«Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы өз алаңындағы сериясын Екатеринбургтің «Автомобилист» командасын сенімді жеңумен аяқтады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Михаил Кравецтің командасы 4:1 есебімен жеңіске жетті. Астаналықтардың сапында шайбаларды Чейз Приски, Джейк Масси, Динмұхамед Қайыржан және Гарретт Пилон соқты. Екатеринбургтен келген қонақтар Артем Каштановтың дәл соққысымен ғана жауап бере алды.

Бүгінгі жеңістен кейін Қазақстан астанасының командасы қоржынында 18 ұпаймен Шығыс конференциясының үшінші орнын сақтап қалды.

Енді «Барысты» тұрақты чемпионат аясындағы ұзақ сырт алаңдағы серия күтіп тұр. Ол 17 қазанда «Сибирьге» қарсы матчпен басталады.

Айта кетейік, Михаил Кравец «Автомобилистке» қарсы өз алаңындағы жеңістің шешуші сәтін атады.

Назарларыңызға ҚХЛ аясындағы «Барыс» – «Автомобилист» матчының бейнешолуын ұсынамыз (4:1)

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie