«Автомобилистен» жеңістен кейін «Барыстың» турнирлік жағдайы
Астаналық «Барыс» Континентальды хоккей лигасының тұрақты чемпионатындағы өз алаңындағы сериясын Екатеринбургтің «Автомобилист» командасын сенімді жеңумен аяқтады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстан хоккейінің флагманы 4:1 есебімен жеңіске жетті. Астаналық команда құрамында Чейз Приски, Джейк Масси, Дінмұхамед Қайыржан және Гарретт Пилон мергендік танытты. Екатеринбургтен келген қонақтар бір ғана дәл соққымен жауап бере алды.
Екатеринбург командасын жеңгеннен кейін елордалық ұжым 18 ұпаймен Шығыс конференциясында үшінші орында тұр.
Шығыста көш бастап тұрған — «Металлург», екінші орында — «Нефтехимик». Үздік бестіктің құрамына сондай-ақ «Амур» мен «Салават Юлаев» кіреді.
Енді «Барысты» тұрақты чемпионат аясындағы ұзақ сырт алаң сериясы күтіп тұр. Ол 17 қазанда «Сибирьге» қарсы матчпен басталады.
Айтпақшы, Михаил Кравец «Барыстың» «Автомобилистен» өз алаңында жеңіске жетуінің шешуші сәтін атады.
