Кравец «Барыстың» ҚХЛ-дегі жеңісінің шешуші сәтін атады
«Барыс» командасының бас бапкері Михаил Кравец ҚХЛ аясында Екатеринбургтің «Автомобилист» командасын өз алаңында жеңгеннен кейін (4:1) баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Sports24.kz.
— Есеп бойынша да, ойын жағынан да, эмоция тұрғысынан да тамаша матч болды. Бүкіл ойын бойы шыдас бергендей болдық, бірақ қарсыластан басым түстік деген әсер қалыптасты.
— Иә, шынымен де солай болды, әсіресе бірінші кезеңде, одан кейін екінші кезеңде. Бар болғаны төрт рет соққы жасадық, көбірек қорғандық. Шыдау керек болды. Қақпашымызға рақмет, ол бізге көмектесті. Дұрыс ойнамаған тұстарымыз болды, аса маңызды сәттерде шеберлік танытты. Ал әрі қарай жігіттер өз міндеттерін соңына дейін орындады. Сандық басымдықты пайдаланып, гол соққанымыз маңызды болды. Сондықтан бұл — командалық тұрғыдан жақсы жеңіс.
— Сіздің ойыңызша, бүгінгі жеңістің шешуші сәті қайсы болды?
— Меніңше, шешуші сәт — ауыр өткен екінші кезең, сондай-ақ Масси соққан гол және оған дейін Шутов жасаған сейв болды.
— Симонов қатарынан екінші ойында алаңнан қуылды. Логвиннің ауырып, қатардан тыс қалуы әсер етіп жатқан жоқ па? Ол серіктесінсіз іш пыстырып жүр ме, әлде уайымдап жүр ме?
— Өткен ойында ол мүлде болған жоқ қой. Ал қазір, шынын айтқанда, көре жатармыз. Бұл жай ғана... таяқты бақылау керек.
Айта кетейік, Кравец шәкірттері ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында 18 ұпаймен үшінші орында тұр.
Енді «Барысты» тұрақты чемпионат аясындағы ұзақ қонақтағы ойындар сериясы күтіп тұр. Матчтар сериясы 17 қазанда «Сибирьге» қарсы кездесуден басталады.