locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ордабасыда миллиондаған ақшаны кім тапты? Ойыншылардың жалақысы белгілі болды

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Ордабасыда миллиондаған ақшаны кім тапты? Ойыншылардың жалақысы белгілі болды
ФОТО: Ордабасы ФК

“Ордабасы” футбол клубы маусымаралық кезеңде жалақы қорын айтарлықтай қысқартып, қымбат келісімшарттардан құтылуға тырысты. Алайда, “Серый CARDINAL” дерегінше, жоғары жалақыны тек Асхат Тағыберген ғана емес, бірнеше ойыншы алған.

Ақпарат көзінің мәліметіне сәйкес, “Ордабасы” ойыншыларының кейбірінің жалақысы шетелдік деңгейдегі сандарға жеткен. Ең жоғары айлық алған футболшылар:

• Евгений Макаренко – 40 000 доллар (шамамен 18,6 млн теңге)
• Шохбоз Умаров, Артём Беседин, Темірлан Ерланов, Бауыржан Исламхан – 30 000 доллар (шамамен 13,95 млн теңге)

Жаңа басшылық “Ордабасы” бюджетіне оңтайландыру жүргізіп, жалақы қорының жүктемесін азайтуға кірісті. Клуб бірнеше ойыншымен қымбат келісімшарттарды тоқтатты.

Бұған дейін, Асхат Тағыбергеннің “Ордабасыда” ай сайын 20 млн теңге жалақы алатыны белгілі болды, бұл жанкүйерлер арасында үлкен талқы тудырған еді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie