Эль-Класико алдындағы алаңдатарлық дабыл: Рафинья «Барселона» базасынан кетті
«Барселона» вингері Рафинья команданың жаттығуына қатысқан жоқ, деп хабарлайды журналист Жерар Ромеро.
Оның мәліметінше, футболшы жаттығу басталмай тұрып-ақ клуб базасынан кеткен.
Бразилиялық жартылай қорғаушы жамбас бұлшықетінің жарақатынан кейін әлі толық айыға алмай жүр және алдағы Эль-Класикода алаңға шыға алмайды.
Еске сала кетейік, Ла Лиганың оныншы турындағы «Барселона» мен мадридтік «Реал» арасындағы матч 26 қазанда өтеді. Тоғыз турдан кейін «корольдік клуб» 24 ұпаймен турнирлік кестеде көш бастап тұр, ал каталондықтар 22 ұпаймен екінші орында келеді.
Ағымдағы маусымда Рафинья жеті матч өткізіп, үш гол соғып, екі нәтижелі пас берген. Бұған дейін алған жарақатына байланысты ол қатарынан бес ойынға қатыспады.
Сондай-ақ Флик Эль-Класикода «Барселона» жеңіске жетеді деп мәлімдеді.