locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дембеле мен Дуэден басқа кімдер? «Барселона» – «ПСЖ» матчында қай жұлдыздар алаңға шығады

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы суперматчта кімдер өнер көрсететіні белгілі болды
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
Дембеле мен Дуэден басқа кімдер? «Барселона» – «ПСЖ» матчында қай жұлдыздар алаңға шығады
ФОТО: Getty images

2 қазанға қараған түні Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы басты матчта «Барселона» өз алаңында «ПСЖ»-ны қабылдайды. Бұл кездесудің бастапқы құрамдары белгілі болды.

Ойын Астана уақытымен 00:00-де басталады.

«Барселона»: Щенсный - Кунде, Гарсия, Кубарси, Мартен - Де Йонг, Педри, Рэшфорд, Ольмо, Ямал - Торрес.

«ПСЖ»: Шевалье, Хакими, Забарный, Пачо, Мендеш - Руис, Витинья, Невеш - Мбайе, Маюлу, Барколя.

Қос команда соңғы рет 2024 жылдың сәуірінде Чемпиондар лигасының ширек финалында кездескен болатын. Алғашқы матчта «блауграна» 3:2 есебімен жеңіске жетсе, қарымта кездесуде париждіктер 4:1 есебімен реванш алған еді.

Ағымдағы маусымдағы Чемпиондар лигасында екі команда да жеңіспен бастады. Бірінші турда «Барселона» сырт алаңда «Ньюкаслға» қарсы ойнап, қос голдың авторы Маркус Рэшфорд болып, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

«ПСЖ» алғашқы турда өз алаңында «Аталантаны» 4:0 есебімен ойсырата жеңді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie