«Барселона» ПСЖ-мен өткен ойында 1944 жылдан бері сақталған рекордты жаңартты
Бұл үшін 45 матч қажет болды
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші турында ПСЖ-ге қарсы ойында Ферран Торрес гол соғып, «Барселона» ерекше жетістікке қол жеткізді.
Каталониялық клуб қатарынан 45 матчта гол соқты — бұл клуб тарихындағы рекорд. Бұған дейінгі үздік серия 44 матч болған, ол 1942 жылдың қарашасы мен 1944 жылдың ақпаны аралығында тіркелген еді.
Күнтізбенің кеңеюіне байланысты жаңа рекорд орнатуға аз уақыт кетті, себебі «Барселона» ойыншылары соңғы рет 2024 жылдың 15 желтоқсанында «Леганеске» қарсы матчта (0:1) алаңнан голсыз қайтқан болатын.