«Барселона» ПСЖ-ні Чемпиондар лигасы матчі алдында «троллидеді»
Француз футболынан алынған ишара
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
1 қазан күні «Барселона» мен ПСЖ Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші турында кездесті. Каталониялық клуб Парижден келген қонақтарына ерекше «қошемет» көрсетті.
Ойын басталар алдында «Монжуик» стадионында америкалық Van Halen тобының «Jump» композициясы қосылды.
Бұл ән ерекше, себебі дәл осы трек Марсельдің «Олимпик» командасының «Велодром» стадионында матч алдында шырқалады. Осылайша, «Барселона» Ле Классиктегі 0:1 есебімен жеңілгеннен кейін ПСЖ-ні аздап мысқылдады.
Алайда мұндай троллинг алаңда «блаугранаға» көп көмектесе қойған жоқ, себебі Сенни Малюлю мен Гонсалу Рамуштың голдарынан кейін алға шыққан – париждік команда болды.