locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Де Пауль голын әкесінен айырылған Мессиге арнады

Аргентиналық футболшы алаңға капитандық белгімен шығып, гол соққаннан кейін досы әрі ұлттық құрамадағы әріптесінің жейдесін көрсетті
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Де Пауль голын әкесінен айырылған Мессиге арнады
ФОТО: Getty images
МЛС АҚШ
15.08.2026, 20.30
Нэшвилл
-
Интер Майами
-

«Интер Майами» жартылай қорғаушысы Родриго де Пауль әкесі Хорхеден айырылған Лионель Мессиге қолдау көрсетті. Аргентиналық футболшы MLS–MX Лигалар кубогы аясындағы «Монтеррейге» қарсы матчта соққан голын командаласына арнады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Месси отбасындағы қайғылы жағдайға байланысты бұл кездесуге қатысқан жоқ. Ойын басталар алдында «Интер Майами» футболшылары алаңға қаралы қара таңғыш тағып шықты, ал стадионда Хорхе Мессиді бір минут үнсіздікпен еске алды. Лионель болмағандықтан, капитандық міндет де Паульге жүктелді.

32-минутта аргентиналық жартылай қорғаушы есеп ашты. Голдан кейін де Пауль Мессидің жейдесін жоғары көтеріп, соғылған допты жақын досы әрі Аргентина құрамасындағы көпжылдық әріптесіне арнады.

Де Пауль бұған дейін де Мессиге көпшілік алдында қолдау білдірген еді. Хорхе Мессидің қайтыс болғаны белгілі болғаннан кейін ол әлеуметтік желі арқылы Лионель мен оның отбасына көңіл айтып, қиын сәтте олармен бірге екенін жеткізді.

Матчтың өзі «Интер Майами» үшін сәтсіз аяқталды. Де Паульдің командасы бірінші таймнан кейін алда тұрғанымен, 47-минутта Уго Кейперс таразы басын теңестірді. Ал 90-минутта Диего Росси жеңіс голын соғып, «Монтеррейге» 2:1 есебіндегі жеңісті сыйлады.

Хорхе Месси 8 тамызда Росариодағы ауруханалардың бірінде 68 жасында өмірден өтті. Ол ұзақ уақыт бойы ауыр дертпен күрескен. Хорхе ұлының футболдағы алғашқы қадамдарынан бастап жанынан табылып, Лионель Мессидің үлкен спорттағы жолында маңызды рөл атқарды.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie