locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

RIP: Лионель Мессидің әкесі қайтыс болды

Бүкіл футбол әлемі аргентиналық аңызға көңіл айтады
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Шұғыл: Лионель Мессидің әкесі қайтыс болды
ФОТО: x.com/FreeMediaAr

Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси өмірден өтті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Аргентиналық БАҚ-тың мәліметінше, футбол аңызының әкесі 7 тамыз кешкісін көз жұмған. Бұған дейін ол Аргентинадағы Росарио қаласындағы клиникаға жатқызылған болатын.

Аргентина құрамасының және «Интер Майами» капитанының әкесі ұзаққа созылған сырқаттан кейін 68 жасында бұл дүниемен қоштасты.

Бұған дейін Лионельдің отбасы Хорхе Мессидің денсаулығына байланысты ауыр жағдайда ауруханаға түскенін растаған еді.

Айта кетейік, Месси Аргентина – Алжир (3:0) арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионаты матчында алғашқы голын соққаннан кейін, әкесінің жағдайына байланысты көзіне жас алған болатын.

Айтпақшы, бұған дейін Месси 2026 жылғы әлем чемпионаты кезінде ең көп қауіп-қатерлерге тап болғаны хабарланған еді. Солардың бірі қолдан жасалған жарылғыш заттарды қолдануға байланысты қастандық жоспары болған деп болжануда.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie