EA FC 27 ойынындағы ең жоғары рейтинг алған футболшылар: кім көш басында?
Electronic Arts компаниясы өзінің аңызға айналған EA FC 27 ойынының жақында шығатын нұсқасына арналған футболшылардың алғашқы рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Ең жоғары рейтингке ие болған екі базалық карта шабуылшыларға бұйырды: мадридтік «Реалдың» Килиан Мбаппе мен «Манчестер Ситидің» Эрлинг Холанды. Айта кету керек, әзірлеушілер алғаш жария еткен үздік 27 ойыншының тізімінде рейтинг 89-ға ие Лионель Месси бар, ал Криштиану Роналду жоқ.
- Сондай-ақ оқыңыз: EA FC-дің жаңа нұсқасында бәрі бірдей ойнай алмайды: мәселе неде?
Оның рейтингі төмен болады, бірақ нақты қанша екенін әзірлеушілерден ресми ақпаратты күту керек. Айта кету керек, үздік 27 ойыншының қатарында «Челсидегі» Дастан Сатпаевтың әріптестері де жоқ. Қазақстан құрамасының шабуылшысы қандай базалық картаға ие болатынын да күтеміз.
Үздік тоғыздыққа Родри, Усман Дембеле, Витинья, Гарри Кейн, Майкл Олисе, Педри және Ламин Ямаль да кірді — олардың барлығы рейтинг 90 алды. EA Sports алғаш жариялаған өзге ойыншылардың рейтингтері 88 бен 89-ды құрайды.
Еске сала кетейік, ойынның бағасы компьютер мен Nintendo Switch 2 үшін 70 доллар, ал Playstation мен Xbox консолдері үшін он долларға қымбаттау болады. Шығу күні — 25 қыркүйек.
