Дастан Сатпаев «Бернлидегі» алғашқы негізгі құрамдағы ойынынан кейін үндеу жасады
Қазақстандық шабуылшы команданың пенальти сериясындағы өкінішті жеңілісіне пікір білдірді
ФОТО: Getty Images
«Бернли» және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев Англия лигасы кубогындағы «Брэдфорд Ситиге» қарсы матчтан кейін жанкүйерлерге үндеу жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Бүгін бізбен бірге болып, соңғы секундқа дейін қолдау көрсеткен баршаңызға рақмет. Пенальти сериясында жеңілу өте өкінішті, бірақ футболда осындай жағдайлар болады. Біз алаңда бар күшімізді салып, соңына дейін күрестік. Қолдауларыңыз үшін рақмет. Бұл енді бастамасы ғана. Еңбектеніп, бірге мықты бола түсеміз. Алға, „Бернли“!» — деп жазды Сатпаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұл кездесу қазақстандық футболшы үшін «Челсиден» жалға келгеннен кейін «Бернли» сапындағы негізгі құрамдағы алғашқы ойыны болды. Сатпаев алаңда 80 минут өткізіп, кейін ауыстырылды. Негізгі уақытта есеп ашылмай, матч жеңімпазын пенальти сериясы анықтады. Нәтижесінде «Бернли» 2:4 есебімен жеңіліп қалды.