Александр Мрынский: «Астана» қақпа маңдайшасына тигенде жолымыз болды, бірақ чемпиондыққа лайық болдық
26 қазанда «Қайрат» Алматыда «Астанамен» тең ойнап, чемпион атанды. Матчтан кейін Sports24.kz тілшісі алматылық команда қорғаушысы Александр Мрынскийдің пікірін жазып алды.
— Барлық эмоциямды алаңда қалдырдым. Ең бастысы — чемпиондық. Екінші жыл қатарынан чемпион болу — бұл мен үшін ерекше сезім, – деді Мрынский.
— Бүгінгі ең қиыны не болды?
— Ойын соңында қиындау болды, көбірек қорғануға тура келді, доп үшін күрестік.
— «Астана» соңғы шабуылда қақпа маңдайшасына тигенде жүрегіңіз зу ете түспеді ме?
— Иә. Сол сәтте аздап жолымыз болды, әрине. Бірақ жалпы алғанда, чемпиондыққа лайық болдық.
— Еурокубоктардан кейін эмоциялық тұрғыда бірден чемпионатқа ауысу қиын ба? Соңғы айларда «Қайраттың» ойыны нашарлады дейді. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе?
— Ондай деп айта алмаймын. Барлығы бапкердің тапсырмасына, жағдайға байланысты. Бірақ ең маңыздысы, әрине, чемпионат болды. Бұл («Астанаға» қарсы) ойын маңызды еді. Чемпиондық сыйлау керек болды.
— Жеңісті қалай атап өтесіздер?
— Әзірге білмеймін. Көреміз.
«Қайрат» КПЛ-дың соңғы турында чемпиондыққа басты бәсекелесі «Астанамен» тең түсті (1:1) және Қазақстан-2025 чемпионы атанды. Қалай болғаны жайлы — мұнда оқи аласыз.