«Тарихқа жаздық». Зария — «Қайраттың» екі чемпиондығының қайсысы есте қаларлық болғаны туралы
26 қазан күні Алматыда «Қайрат» «Астанамен» тең ойнап, чемпион атанды. Матчтан кейін Sports24.kz тілшісі сары-қаралардың негізгі ойыншыларының бірі Гиорги Зарияның эмоцияларын жазып алды.
— Сіз қатарынан екінші жыл Қазақстан чемпионы атандыңыз. Осы екі чемпиондықтың қайсысы сіз үшін күрделірек, қайсысы есте қаларлық?
— Әрине, біздің өміріміздегі бәрі есте қаларлық, бірақ «Қайрат» қатарынан екі рет чемпион болған емес. Бұл — клуб тарихындағы алғашқы оқиға. Барлық «Қайрат» футболшылары үлкен әріппен тарихқа өз есімдерін жазды. Бірге болғанымызға қуаныштымын.
— Болашағыңызға қатысты көп әңгіме бар. Сыбыстарды жазбас үшін, сізден тікелей сұрап отырмыз: келесі жылы Алматыда қаласыз ба?
— Әзірге білмеймін. Дәл қазір нақты айта алмаймын, кетемін бе, қаламын ба. Әлі әңгімелер болады. Әлі кездесеміз. Мұнда келісімшартым бойынша екі айым бар.
— Өз басыңыз қалғыңыз келе ме?
— Неге болмасын? Көреміз.
28 жастағы грузиялық жартылай қорғаушы Гиорги Зария «Қайрат» сапында 2024 жылдың қаңтарынан бері өнер көрсетіп келеді. Биылғы маусымда ол сары-қаралар үшін 21 матч өткізіп, 7 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді. Футболшы бірнеше ай жарақатына байланысты, сондай-ақ бірқатар матчты дисквалификацияға байланысты өткізіп алды.
«Қайрат» КПЛ-дің соңғы турында басты қарсыласы «Астанамен» (1:1) тең ойнап, Қазақстан-2025 чемпионы атанды. Бұл қалай болғанын осы жерден біле аласыз.