Бундеслига ойыншысы қарақшылардың құрбаны болды
«Вердер» қорғаушысы Карим Кулибалидің таңы күтпеген оқиғамен басталды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Instant Foot мәліметінше, «Вердердің» 19 жастағы орталық қорғаушысы жаттығуға баруға дайындалып жатқанда, көлігінің барлық төрт доңғалағы — дискілерімен қоса — белгісіз ұрылар тарапынан шешіліп кеткенін көріп, аң-таң болды.
- Тағы оқыңыз: RIP: Лионель Мессидің әкесі өмірден озды
Интернетте жарияланған фотосуреттерде футболшының көлігі тіреуіштердің үстінде тұрғанын анық көруге болады. Кейінірек жолда көмек көрсету қызметі ADAC келіп, көлікті сүйреп әкетті.
Неміс клубының 19 жастағы қорғаушысы бұл оқиғаға қысқа ғана пікір білдірді: «Мен тек жаттығуға барғым келді».
Абырой болғанда, футболшының өзі аман-есен. Алайда қарапайым жаттығу орнына ол күтпеген ұрлықтың зардабымен күресіп, көлігін сүйретуге мәжбүр болды.
Айта кетейік, Transfermarkt порталы 19 жастағы қорғаушыны 28 миллион еуроға бағалайды, ал бремендік клубпен келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін жарамды.