locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Рыбакина Нинбодағы титулын қорғау алдында маусым соңындағы мақсаттарын атады

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтің бірінші сатысында аяқтауды көздейді
ФОТО: Getty Images

Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтетін турнирдегі титулын қорғау алдында маусым соңындағы мақсаттарын атады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық теннисші маусымды әлемдік рейтингтің бірінші сатысында аяқтауды көздеп отырғанын айтты.

«Біріншіден, мұнда қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Бұл жерде керемет естеліктерім бар, тағы да жеңіске жете аламын деп үміттенемін. Көре жатармыз.

Дәл қазір мен үшін ең маңыздысы — рейтингтің бірінші сатысында аяқтауға тырысу. Тағы бірнеше апта бар күшімді салуым керек, өйткені маусым сәтті өткенімен, сонымен бірге ұзаққа созылды. Сондықтан қазір денсаулығыма көңіл бөліп, физикалық жүктемені, матчтарды және басқа да дүниелерді дұрыс жоспарлауға тырысып жүрмін. Осылайша маусымды мықты аяқтағым келеді», — деді Рыбакина баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, Нинбодағы WTA 500 турнирі 19-25 қазан аралығында өтеді. Рыбакина жарысқа қазіргі чемпион мәртебесінде қатысады.

Айта кетейік, бұған дейін Путинцева америкалық теннисшіні ойсырата жеңіп, Қытайдағы турнирде Рыбакинаға қосылды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie