locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Шешуші сәт жақын: маусымның аяқталуына екі тур қалғанда ҚПЛ турнирлік кестесі

«Ордабасы» «Қайраттан» төрт ұпайға озып тұр және чемпиондықты мерзімінен бұрын рәсімдеуі мүмкін
ФОТО: Ордабасы

«Ордабасы» 28 матчтан кейін Қазақстан Премьер-лигасында сенімді көш бастап келеді, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

ҚПЛ-дың кейінге шегерілген 23-турының кездесулері аяқталды. Өткен демалыс күндері чемпионат көшбасшылары бірдей жеңіске жетті. «Ордабасы» «Ақтөбені» 3:1 есебімен жеңсе, «Қайрат» «Ертісті» ойсырата ұтты (5:0).

Андрей Мартиннің командасы маусымның аяқталуына екі тур қалғанда басты қуғыншысынан төрт ұпайға озып тұр. Осылайша, егер «Орда» 24 қазанда «Жеңісті» жеңсе, «Қайраттың» «Ақтөбеге» қарсы матчтағы нәтижесіне қарамастан, чемпиондықты мерзімінен бұрын жеңіп алады.

Турнирлік кестеде үшінші орында «Астана» тұр. «Каспиймен» болған тең ойыннан кейін (2:2) елордалық команда төртінші келе жатқан «Оқжетпестен» төрт ұпайға алда.

Үздік бестікті «Ақтөбе» түйіндеп тұр. Игорь Черевченконың командасы 45 ұпай жинаған. Ақтөбеліктердің желкесінен дем алып келе жатқан «Елімайда» 44 ұпай бар.

Тірі қалу жолындағы күрестің шешімі күтпеген жерден өрбуі мүмкін.

  • «Атырау» - 27 ұпай;
  • «Қызылжар» - 27;
  • «Алтай» - 26;
  • «Ертіс» - 26;
  • «Жетісу» - 25;
  • «Қайсар» - 24.
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie