Брайан Ван Ден Богарт: "Мен Қызылжар сапынан кеткім келген жоқ"
"Қызылжар" командасының экс – қорғаушысы Брайан Ван Ден Богарт Sports24.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатынада петропавлдық команда сапынан не себепті кеткенін және Премьер – лига деңгейі жайлы айтты.
Брайан, не себепті маусымның ортасында "Қызылжар" сапынан кеттің?
- Мен "Қызылжар" командасынан отбасылық жағдайларға байланысты кеттім. Сол уақытта қызымның денсаулығында ауыр мәселелер болды. Қызыма қан құю қажет болды, және менің жұбайым маған Бельгияға қайтып, қызымның күтіміне қарасуды сұрады.
Өткен маусымда жарақаттарға байланысты көптеген кездесулерге қатыса алмадыңыз. Биылғы маусымда физикалық жағдайыңыз қалай болды?
- Алғашқы маусымымда ауыр жарақат алдым, ол менің ары қарай өнер көрсетуіме кедергі келтірді. Біз өте жақсы нәтижелер көрсетіп жүрдік. Мен клубтан операция жасау үшін жазда кеткенде біз кестеде үшінші орында тұрған едік.
Әли Әлиевтің сенімімен мен "Қызылжармен" жаңа маусымды бастадым. Қалпына келу үшін көп жұмыс істедім, және физикалық тұрғыдан өзімді өте жақсы сезіндім. Осылайша, біз тамаша дайындық өткіздік және маусымды жақсы бастадық. Мен әр кездесуде алаңға шығып жүрдім. Алайда, қызымның қатты сырқаттанып жатқаны жайлы хабар алдым. Осы себептен мен Бельгияға қайтып оралдым.
Премьер-Лиганың деңгейіне қандай баға бере едіңіз?
Менің ойымша, Қазақстан Премьер-Лигасының деңгейі жыл сайын өсіп келеді, лига жақсы дамып жатыр. Бұл Қазақстан ұлттық құрамасының нәтижелерінен де көрініп тұр. Сол себепті, Қазақстанға жоғарғы деңгейлі лигалардан ойыншылар көп келе бастады. Жалғыз жақсартуды қажет ететін жайт - стадиондардың жағдайы. Бірақ, Қазақстан бұл бағытта жұмыс істеп жатқанын байқадым. Сондай-ақ, трансляцияларды жақсарту қажет деген ойдамын. Бұл жанкүйерлер мен ойыншылар үшін өте маңызды. Жақсы трансляциялармен жоғары деңгейге көтерілу оңайырақ болады.
Сіздің ойыңызша, петропавлдық команда маусымды не себепті сәтсіз аяқтады?
- Менің ойымша, клубқа маусым ортасында президентін ауыстыру өте қиын болды. Мүмкін, бұл да әсер еткен шығар. Маусым бойы кейбір ойыншылардың жоқтығы да кері әсерін тигізуі мүмкін. Әрине, клубқа сәл сәттілік те жетіспеді.
Қазақстан Премьер-Лигасында қандай ойыншы еуропалық клубтарда өнер көрсете алады?
- Шынымды айтсам, Қазақстанда көптеген сапалы ойыншылар бар, олар Еуропаның топ лигаларында ойнай алады. Мәселе тек олардың стресске төтеп бере алатынында. Қазақстандық ойыншылардан Асхат Тагыбергенді атап өткім келеді - оның тамаша қасиеттері бар. Бірақ мені дұрыс түсініңіздер, Қазақстанда жетістікке жетуге қабілетті ойыншылар көп.
Қазақстанда мансабыңызды жалғастыруға ұсыныстар бар ма?
- Мен барлық ұсынысқа ашықпын. Қазақстанда өткізген уақытым ұнады. Неге қайтып чемпионатқа оралмасқа? Егер бір клуб қызығушылық танытса, олар менімен әрқашан байланыса алады. Менде әлі үлкен амбициялар бар. Қалай боларын көреміз, мүмкін, Қазақстанда қайтадан ойнауға мүмкіндік болар.