Жалғас Жұмағұлов Fight Nights турнирінде норвегиялық Раванд Оубаны жеңіп алды
Бокс
Азат Максутбек
ФОТО: Getty images
Бүгін, 20 желтоқсанда Fight Nights турнирінде бокс кеші өтіп жатыр. Негізгі кардтың жекпе - жегінің бірінде қазақстандық және аралас жекпе-жекте тәжірибелі жауынгер Жалғас Жұмағұлов, норвегиялық Раванд Оубаға қарсы шықты.
Жекпе-жек төрт раундқа есептеліп, бүкіл қашықтыққа созылды, төртінші раундтың соңғы секундтарында жауынгерлер "шайқас" ұйымдастырды. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен Жалғас Жұмағұлов жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетейік, алда кештің басты оқиғасы мен тағы бір жекпе-жек қалды.