locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Вячеслав ЭРБЕС: “Астананың бұл ойында допты бақылауда үстемдік еткеніне таңғалдым”

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы АПОЭЛ мен “Астана” арасындағы матч туралы пікір білдірді.
Футбол
Александр Шарадкин
Александр Шарадкин
Вячеслав ЭРБЕС: “Астананың бұл ойында допты бақылауда үстемдік еткеніне таңғалдым”
Вячеслав ЭРБЕС: “Астананың бұл ойында допты бақылауда үстемдік еткеніне таңғалдым”

Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы Вячеслав Эрбес Конференция лигасының 2024/25 маусымындағы топтық кезеңінің алтыншы турында кипрлік АПОЭЛ мен қазақстандық “Астана” арасындағы матч жайлы өз ойымен бөлісті.

“Матч өте тартысты әрі драмалық сипатта өтті. Қызу ойын барысында екі команданың да ойыншылары алаңнан қуылды, сондықтан матчты қос командаға да он ойыншымен аяқтауға тура келді. Статистиканы қарап, “Астананың” бұл ойында допты бақылауда үстемдік еткеніне таңғалдым. Дегенмен, айта кету керек бір жайт, олар жеңіске жеткен жағдайда да, плей-офф кезеңіне жолдама ала алмас еді” – деп келтірді Эрбестің сөзін Sports.kz.

Айта кетейік, АПОЭЛ мен “Астана” арасындағы матч 1:1 есебімен тең аяқталды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie