locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

АПОЭЛ Астананың бұрынғы шабуылшысына қызығушылық танытуда

Пиерос Сотириу Кипрге оралуы мүмкін
Футбол
Александр Шарадкин
Александр Шарадкин
АПОЭЛ Астананың бұрынғы шабуылшысына қызығушылық танытуда
АПОЭЛ Астананың бұрынғы шабуылшысына қызығушылық танытуда

Кипрлік АПОЭЛ клубы қазақстандық “Астананың” бұрынғы шабуылшысы Пиерос Сотириуге қызығушылық танытып отыр.

“Біз бір немесе екі қаптал шабуылшысын қатарымызға қосуды жоспарлап отырмыз және келіссөздер басталып кетті. Біз Пиероспен байланыс орнаттық және алдағы он күн ішінде оның шешімін күтеміз. Сонымен қатар, басқа да футболшылармен келіссөздер жүргізудеміз. Біз Пиероспен ерекше қарым-қатынастамыз. Ол шетелде жетістікке жеткен, тамаша футболшы әрі керемет адам. Егер ол мансабын Кипрде жалғастыруды шешсе, 90% ықтималдықпен ол АПОЭЛ сапында ойнайтын болады деп келістік,” – деп келтіреді АПОЭЛ президенті Продромос Петридистің сөзін Sports.kz Goal News Cy басылымына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Пиерос Сотириу “Астана” сапында 2020 жылы өнер көрсетіп, 17 матчта жеті гол соқты. Қазір кипрлік футболшы Жапония чемпионатындағы “Санфрекке Хиросима” клубының намысын қорғап жүр. Ол бұл команда сапында 45 матч өткізіп, 11 гол авторы атанып үлгерді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie