Сапарбек Айдаров Fight Nights турнирінде Эмилиано Пучетаны жеңіп алды
Бокс
Азат Максутбек
ФОТО: Qsport
Бүгін, 20 желтоқсанда Fight Nights турнирінде бокс кеші өтіп жатыр. Жекпе - жектің бірінде қазақстандық - Сапарбек Айдаров аргентиналық Эмилиано Пучетаға қарсы шықты.
Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген еді және бүкіл қашықтыққа созылды. Жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шешімімен Сапарбек Айдаров жеңіске жетті.
Естеріңізге сала кетейік алда Карлос Кордоба мен Дәулет Дәукенов арасындағы кештің басты жекпе жегі қалды!