Футзалдан Қазақстан Кубогының топтық кезеңінің 1-күнгі матчтарының кестесі белгілі болды
Алғашқы тур 21 желтоқсанда Ақтауда өтеді.
Футзал
Александр Шарадкин
Telegram (Футзал Казахстан)
2024/25 маусымындағы футзалдан Қазақстан Кубогының топтық кезеңінің алғашқы тур ойындарының кестесі жарияланды.
Топтық кезеңде 16 команда өнер көрсетеді. Олар төрт топқа бөлінген (әр топта төрт командадан). Бірінші турдың матчтары 21 желтоқсан, сенбі күні Ақтаудағы “BS-Арена” спорт кешенінің екі алаңында өтеді.
2024/25 маусымындағы Қазақстан Кубогының бірінші тур ойындарының кестесі:
A тобы
10:00 Тұлпар (Қарағанды) – Атриум (Ақтау)
13:00 Семей – Бәйтерек (Орал)
B тобы
13:00 Ордабасы (Шымкент) – Биосфера (Қарағанды)
19:00 Жаңаөзен – Аят (Рудный)
C тобы
16:00 Каспий (Ақтау) – Ақтөбе
19:00 Алатау (Алматы) – BS Строй (Ақтау)
D тобы
10:00 Атырау – Омега (Тараз)
16:00 Қайрат (Алматы) – Астана

