Павел ЕВТЕЕВ: “Астана сырт алаңда лайықты өнер көрсетті”
Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы Павел Евтеев Конференция лигасының 2024/25 маусымындағы топтық кезеңінің алтыншы турында кипрлік АПОЭЛ мен қазақстандық “Астана” арасындағы матч жайлы өз ойымен бөлісті.
“Ойын өте тең дәрежеде өтті, “Астана” сырт алаңда лайықты өнер көрсетті. Қонақтар кеше қарсыласын допты бақылау тұрғысынан айтарлықтай басып озды. Кипрдегі АПОЭЛ-мен тең нәтиже астаналық команда үшін оң бағалануы керек. Өкінішке орай, бұл нәтиже “Астанаға” келесі кезеңге өтуге мүмкіндік бермеді. Дегенмен, Григорий Бабаянның шәкірттері маусымды жақсы нүктемен аяқтап, Қазақстанның коэффициенттік кестесіне ұпай әкелді,” – деп Евтеев сөзін Sports.kz келтірді.
Айта кетейік, АПОЭЛ мен “Астана” арасындағы матч 1:1 есебімен тең аяқталды.