locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

\"Бұл менің жақсырақ екенімді білдірмейді\". Мбаппе Роналдоның рекордын жаңартқаныны туралы пікір білдірді

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
"Бұл менің жақсырақ екенімді білдірмейді". Мбаппе Роналдоның рекордын жаңартқаныны туралы пікір білдірді
ФОТО: Getty Images

Мадридтік “Реалдың” француздық шабуылшысы Килиан Мбаппе кешегі “Вильярреалға” (2:1) қарсы ойында дубль жасап, бірнеше жетістіктерге қол жеткізді.

Ол “Реал” сапындағы 31-ші голын соғып, Мадридтегі дебюттік маусымында гол саны бойынша Роналдо Назарионы басып озды. Француз ойыншысы Криштиану Роналдудан екі гол және Иван Саморано орнатқан “Бланкос” рекордын қайталауға алты гол жетпей тұр.

Килиан өзінің рекордына қарапайым түрде жауап берді.

“Бұл бір дәуірді анықтаған аңыздар. Бұл маңызды, бірақ бәрі сандарға байланысты. Егер мен Роналдо мен Криштианудан көп гол соғатын болсам, бұл менің жақсырақ екенімді білдірмейді, бұл менің бірінші маусымымның жақсы өтіп жатқанын білдіреді”, - деді француз.

Оның әсерлі сандарына қарамастан, ол әлі де шабуылдағы серіктесі Винисиуспен байланысуы қиын. Бұл туралы жақында “Реалдың” бұрынғы жаттықтырушысы Хорхе Вальдано пікір білдірді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie