Тибо Куртуа тығыз күнтізбеге байланысты Ла Лигаға шағымданды


"Реал Мадрид" қақпашысы Тибо Куртуа клубтың осы маусымдағы күнтізбесіне байланысты пікір білдірді. Оның ойынша Ла Лига мадридтік клубқа құрметсіздік көрсетуде екен.
Сәрсенбіде, 12 наурызда “Реал” Чемпиондар лигасының 1/8 финалында “Атлетикомен” ойнады, ал 15 наурызда Испания чемпионатының 28-турында “Вильярреалмен” кездесті өткізді (2:1).
"Біз ойнауға тура келгенде ойнаймыз және сылтау айта алмаймыз. Біз жеңіліп қалмағанымызға қуаныштымын, бірақ демалу мүмкін болмады. Біз сәрсенбіде 120 минут ойнап, пенальти сериясына қатыстық, содан кейін сенбі күні сағат 18:30-да алаңға шықтық.
Мен Ла Лига басшылары үш топ-клубтың бір күнде ойнағанын ұнатпайтынын түсінемін, бірақ кейде бұл қажет. Англияда бұл жиі кездеседі. Менің ойымша, бұл біздің командаға деген құрметсіздік. МАтч көптігіне байланысты біреу жарақат алуы мүмкін", - деді Куртуа AS-қа.
Корольдік клубтың бас жаттықтырушысы Карло Анчелотти де матч кестесіне наразылық білдірді.
“Реал” 28 ойыннан кейін Испания чемпионатының кестесінде 60 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орындағы “Барселонада” 57 ұпай және қосымша екі матч бар.

Теннис
Бүгін 07:51

Хоккей
Бүгін 02:26