Тарихқа енді. Мбаппе тарихтағы үздік француз сұрмергендерінің бестігіне енді


Мадридтік “Реалдың" француздық шабуылшысы Килиан Мбаппе бүгінгі Испания Примерасының “Вильярреалға” қарсы ойынында бірінші таймда дубль жасап, бірқатар керемет жетістіктерге қол жеткізді.
Мбаппе “Қара пантера” лақап атымен танымал Бафетимби Гомисті (361) басып озып, 362 голмен тарихтағы ең үздік француз сұрмергендер тізімінде 5-ші орынға шықты. Айта кетейік, Килиан жақында 363 және 364 голы бар Андре-Пьер Жиньяк пен Роже Куртуаны басып озуы мүмкін. Үздіктер тізімін Карим Бензема (491) пен Тьерри Анри (411) бастап тұр.
Мбаппе де тағы бір шыңға шықты. Ол Еуропаның үздік 5 чемпионатында бесінші үздік француз сұрмергені атанды.
Еске салайық, француз жақында ғана 2025 жылғы “Алтын допқа” негізгі үміткер ретінде танылды.

Теннис
Бүгін 07:51

Хоккей
Бүгін 02:26