locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мбаппе Реал Мадридте рекорд жаңартуға жақындап келеді: тарихқа ену үшін қанша гол қалды?

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Мбаппе Реал Мадридте рекорд жаңартуға жақындап келеді: тарихқа ену үшін қанша гол қалды?
ФОТО: Getty images

Кеше, 15 наурыз күні “Реал Мадрид” сырт алаңда “Вильярреалды” жеңіп, бұл кездесудің басты қаһарманы Килиан Мбаппе болды. Оның соққан голдары тек командаға жеңіс әкеліп қана қоймай, француз шабуылшысының тағы бір тарихи рекордқа жақындауына мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда Мбаппенің биылғы маусымдағы голдарының саны – 31, бұл көрсеткіш “Реал” тарихындағы үздік дебют маусымдарына жақындап келеді.

Француз форвардына Руд ван Нистелрой мен Криштиану Роналдудың көрсеткішіне жету үшін бар болғаны екі гол қажет, олар дебюттік маусымында 33 рет қарсылас қақпасын дәл көздеген. Ал рекордтық көрсеткіш Иван Самораноға тиесілі, ол “Реалдағы” алғашқы маусымында 37 гол соқты.

Осы қарқынмен Мбаппе “Реал” тарихындағы ең нәтижелі дебютант атағын иеленуге үлкен мүмкіндікке ие.

Бұған дейін, біз Килиан Мбаппе Франция тарихындағы ең үздік сұрмергендердің бестігіне енгені хабарланған болатынбыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie