«Бұл — футбол»: Молдова жаттықтырушысы Қазақстанды жеңгеніне пікір білдірді
Молдова құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі матчта Қазақстанды 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Молдова құрамасының бас жаттықтырушысы Лилиан Попеску ұлттық команданың көптен күткен жетістігі туралы пікір білдірді.
«Бұл стадионда ойнау өте жағымды болды. Біз бірінші таймды өте жақсы өткіздік, өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алдық. Жігіттер тығыз ойын кестесіне қарамастан, соңына дейін күресіп, мінез көрсетті. Қазақстанға сәттілік тілеймін. Бұл — футбол: бүгін біз жеңдік. Қонақтағы жеңіссіз матчтар сериямызды үздік. Біздің командамыз әлі жас, ал ойын соңында кездесудің қарқынын сәл бәсеңдете алмадық», — деп келтіреді Попескудің сөзін Sports.kz.
Молдова құрамасы Ники Клешенко мен Петру Попескудің дәл соққыларының арқасында жеңіске жетті. Қазақстан екінші таймның ортасында Нұралы Әліптің дәл соққысымен ғана жауап бере алды.
Айта кетейік, Молдова үшін бұл жеңіс 18 ойыннан кейінгі алғашқы жеңіс болды. Бұған дейін молдовалықтар 2024 жылдың қарашасында Андорра құрамасын (1:0) жеңген еді.