locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Нағыз жұлдыздар түскен фильм: Nike 2026 жылғы әлем чемпионатына арналған эпикалық жарнама түсірді

Жарнамаға қатысқан жұлдыз ойыншыларды санау да қиын
Нағыз жұлдыздар түскен фильм: Nike 2026 жылғы әлем чемпионатына арналған эпикалық жарнама түсірді
ФОТО: soccerbible.com

Дәл бір аптадан кейін футболдан әлем чемпионатының ашылу матчы өтеді, ал әйгілі спорттық киім өндірушісі Nike турнирдің басталуына ерекше дайындалып, тұтас фильм-жарнама түсірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алты минуттық роликке өткен мен қазіргі заманның сансыз жұлдыздары қатысты: Криштиану Роналду, Винисиус Жуниор, Эрлинг Холанд, Златан Ибрагимович, Вирджил ван Дейк және тағы да көптеген танымал футболшылар бой көрсетті.

Сюжет бойынша түсірілім режиссердің бақылауынан шығып кетеді, ал футболшылар доппен ойнауға беріліп, бәрін өз қолдарына алады. Дегенмен, соңында олар алаңға қайта оралып, өздерінен сұралған тапсырманы сәтті орындады.

Танымал компания әлем чемпионатының басталуына орай әрдайым жұлдыздарға толы жарнамалар дайындайды. Ең есте қаларлық бейнероликтердің бірі — 2014 жылғы Бразилиядағы турнирге арналған жарнама.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie