locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Өлім тобы: Қазақстанның хоккейден әлем чемпионатындағы қарсыластары ресми түрде белгілі болды

Қазақстан Олимпиада-2026 финалистері — Канада және АҚШ құрамаларымен ойнайды
Басқа спорт түрлері
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: федерация хоккея РК

Қазақстан хоккей құрамасы келесі маусымда әлем чемпионатының элиталық дивизионында өнер көрсетеді. Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) турнирдің топтық кезең құрамын жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші дивизиондағы барлық матчта жеңіске жеткеннен кейін, Қазақстан құрамасы қазіргі Олимпиада чемпиондары — АҚШ, 2026 жылғы әлем чемпионатының басты сенсациясы — Норвегия, сондай-ақ Канада, Чехия, Словакия, Дания және Венгрия командаларымен кездеседі.

Екінші топта қазіргі әлем чемпиондары — Финляндия құрамасы, сондай-ақ Швейцария, Швеция, Германия, Латвия, Словения және Украина бақ сынайды.

Еске салсақ, қазіргі әлем чемпионы — Финляндия құрамасы, ол финалдық матчта овертаймдағы шайбаның арқасында Швейцарияны 1:0 есебімен жеңді. Қола жүлдегер — Норвегия құрамасы, ол Канададан овертаймда 3:2 есебімен басым түскен еді.

Айта кетейік, хоккейден әлем чемпионаты 2027 жылы Германияда 14-30 мамыр аралығында өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie