locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Оны «Барселонада» көргім келер еді»: Куман Думфристің «Реалға» ауысуын сынады

Нидерланд құрамасының бас бапкері каталондық өткенін еске алды
«Оны «Барселонада» көргім келер еді»: Куман Думфристің «Реалға» ауысуын сынады
ФОТО: Getty Images

Нидерланд құрамасының бас бапкері Роналд Куман «оранжевыйлардың» қорғаушысы Дензел Думфристің «Интерден» «Реалға» ауысу идеясын ұнатпайтынын Sports24.kz хабарлайды.

«Барселонамен» ойыншы және бапкер ретінде тығыз байланысы бар Куман әзілдеп, оны дәл «Камп Ноуда» көргісі келетінін айтты:

«Бұл трансфер толық аяқталды ма, білмеймін, бірақ егер біреу бұған лайық болса, ол – Думфрис. Дегенмен, мен оны «Барселонада» көргім келер едім», — деп күлді нидерландтық бапкер.

Бұған дейін «Реал» Думфристің «Интердегі» келісімшартында көрсетілген 20 миллион еуролық клаусуланы іске қосқалы жатқанын хабарлаған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie