«Бернли» — «Чарльтон». Сатпаевқа қатысты шешім белгілі болды
13-тен 14 қазанға қараған түні Англияның «Бернли» командасы Чемпионшиптің оныншы турында «Чарльтонды» қабылдайды, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Бордолықтардың» және Қазақстан ұлттық құрамасының форварды Дастан Сатпаев матчқа өтінімге енбеді. Сатпаевқа командасының қосалқы құрамынан да орын табылмады.
Матчтың тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 23:45-те басталады. Ойынды осы сілтеме арқылы тамашалауға болады.
Тоғыз турдан кейін «Бернли» жеті ұпай жинады, ал «Чарльтонның» еншісінде 13 ұпай бар.
Чемпионшиптегі алдыңғы матчында «бордолықтар» сырт алаңда «Уотфордты» 4:0 есебімен ірі есеппен жеңді. Бұл жеңіс «Бернли» үшін Чемпионшиптің осы маусымындағы алғашқы жеңіс болды. Сатпаев сол кездесуде екінші таймда алаңға қосалқы құрамнан шықты.
